Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчына келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчына келді,, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды.
Мемлекет басшысы Ұлттық құраманы қолдау үшін «Астана Арена» стадионында төбе көрсетті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді», — деп жазды ақорданың ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен турда Қазақстан Финляндиядан (0:1), ал Солтүстік Ирландия Словениядан (2:4) жеңіліп қалған еді.