Жамбыл облысындағы жалпақсаз ауылы жаттығу залына зәру

0

Тұрғындар ауылда спорт кешені салынса дейді. Жалпы, аймақтағы 58 елді мекенде мұндай нысан жоқ. Жалпақсаз ауылы шағын болғанымен талай спортшы шыққан мекен. Аядай ауылдан түлеген жампоздар Азия ойындарына қатысып, ел біріншілігінде топ жарып жүр. Бірақ солардың жолын жалғаған жеткіншектер далада жаттығуға мәжбүр. Арнайы зал болмағандықтан бокс қабын қақпаға іліп, жасыл алаңда амалдайды.  Бақытбек Арыстанбекұлы, жаттықтырушы: — Көріп отырсыздар даладамыз. Мына мешогымыз бар. Далаға іліп қойдық. Толық ештеңе жоқ. Гантель жоқ. Қазір жауын жауатын болса ешқандай условия жоқ. Қайтамыз. Нариман Көпен, жас боксшы: — Біз басқа ауылдарға, қалаларға барамыз. Ол жақтың условиясы бар. Біз жақта жоқ. Біз де олар сияқты штанга көтеріп, жаттыққымыз келеді. Тренировкадан кейін жуынғымыз келеді. Басқа балалардың көзінше осы далада жаттығатынымызды айтуға ұяламыз. Бұған дейін бокс үйірмесі ауыл мектебінің спорт залында өтетін. Бірақ биылдан бастап жас спортшылар үшін ғимарат есігі жабылды. Себебі ауылдық әкімдік шаршы алаңының мектеп қабырғасында болуы заң талабына сай еместігін айтады. Енді ресми рұқсат алу үшін әкімдік білім басқармасына өтінім жолдаған. Исатай Омаров, Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің м.а: — Ринг құрылған ауызша келісімдердің арқасында. Одан кейін ол рингті алып тастады. Қазір енді соның жазбаша түрде рұқсатын алғаннан кейін қайтадан орналастырып жүргізетін болады. Спорт басқармасы тұрғындар саны мыңға жетпейтін ауылдарда ауқымды спорт кешенін салуға рұқсат жоқ дегенді алға тартып отыр. Ал Жалпақсазда халық саны 500 ге жуықтайды. Сондықтан ауыл балалары мектеп залын місе тұтуына тура келмек. Ернұр Кәрібаев, спорт басқармасының бөлім басшысы: — 1000-ға дейінгі ауылды елді мекендерде стандартқа сәйкес ол жерде ашық алаң, спорт алаңшалары салынады. Одан бөлек спорт мектептерінің спорт залдары пайдалануға беріледі. Сол жерде үйірмелер ашылады. Аудандық деңгейде аула клубтары деген бар, сол жерден жаттықтырушылар беріліп сол елді мекеннің балаларын қамтиды. Аймақтағы 367 елді мекенде 2 мыңнан аса спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Биыл олардың қатары жаңа спорт кешендерімен толығады.  Ернұр Кәрібаев, спорт басқармасының бөлім басшысы: — «Ауыл — ел бесігі» аясында 22 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 14-і 2022-ден өтпелі. Биыл жылдың аяғына дейін 14 спорт кешені қолданысқа беріледі. Ал 7 кешен 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс аумағындағы 58 елдімекенде спорт нысандары жетіспейді. Спорт басқармасы бұл мәселені шешу үшін 2027 жылға дейінгі даму жоспарын бекітті. Жоба аясында ірі деген барлық ауылда спорт ғимараттары салынады. Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан https://24.kz/kz/


ПІКІР ЖАЗУ