Жаңа жылда жаңа жеңістерге

0

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінің саптық алаңында жаңа оқу кезеңінің басталуына арналған митинг өтті.

Салтанатты іс-шара таңертең саптық алаңда жеке құрамды құрудан және әскери бөлімнің жауынгерлік туын шығарудан басталды. Келесі кезекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және әскери оркестрдің демеуімен Мемлекеттік Гимнді орындау болды.
35748 әскери бөлімінің командирі полковник Айтқожин Әмірқожа Қазбекұлы барлық әскери қызметшілерді 2023 оқу жылының сәтті аяқталуымен және Қарулы Күштер, Құрлық әскерлері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ауқымында қол жеткізілген жетістіктерімен құттықтады.
Бөлім командирі Әмірқожа Қазбекұлы өз сөзінде алдағы жылы бригада күрделі және көп қырлы міндеттерді шешетінін атап өтті.
— Жаңа оқу жылында біз командалық-штабтық жаттығуларға, өңірлік қолбасшылық пен Қарулы Күштер ауқымындағы бірлескен штабтық жаттығуларға, далалық шығуларға және басқа да жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысып, полигондарда жауынгерлік атыстарды орындауымыз керек. Осы міндеттердің барлығы кешенді түрде шешілетін болады. Олар бір негізгі мақсатты көздейді ̶ біз кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда қойылған тапсырмаларды орындауға дайын болуымыз керек. Бұл үшін әрбір әскери қызметші өз міндеттерін адал орындауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосуға міндетті. Әскери борышты орындаудағы жеке үлгі және әскери тәртіпті сақтау жауынгерлік әзірліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, — деп қорытындылады полковник Әмірқожа Айтқожин.
2023/2024 оқу жылының басына арналған салтанатты митингке Шымкент қаласы бойынша Қарулы Күштер ардагерлерінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев та қатысты.
Ол қазіргі әскери қызметшілерді бүгінгі әскери бөлімнің жоғары позицияларын одан әрі дәріптеуге және жеткен жетістіктерін арттыру үшін барынша күш салуға шақырды.
Жаңа оқу жылының басталуына орай әскери қызметшілер салтанатты шерумен өтті, содан кейін мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарына кірісті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ