Қырғызстанда зейнет жасын ұзартпайтын болды

0

«Біз зейнет жасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз», — деді Қырғызстан Парламенті комитетінің отырысында Әлеуметтік қор басшысы Бақтияр Әлиев. Kazinform агенттігі бұл туралы Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, зейнеткерлікке шығу жасы әйелдер үшін 58 жас, ал ер адамдар үшін 63 жас болып қалды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы 15 жылда орташа өмір сүру ұзақтығы 4 жылға ұзарды. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда да артқан. Соңғы 20 жылда елімізде 80 жастан асқан 2 мыңнан астам адам өмір сүрсе, қазір 58 мыңнан астам адам бар», — деді ол.

Ол орташа өмір сүру ұзақтығының артып келе жатқанын, бұл Әлеуметтік қордың зейнетақыны ұзақ мерзім төлейтінін білдіретінін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ