Шымкент: 597,3 млрд. теңге көлемінде жекеменшік инвестиция тартылды

0

«2023 жылы Шымкент қаласына 724,3 млрд теңге инвестиция тартылып, белгіленген жоспардың орындалуы 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126% болды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестциялар көлемі 127 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 597,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, 2024 жылы 800 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10,4 %-ға артуы күтілуде», — деді басқарма басшысы Біржан Қанатұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, Үшінші Мегаполисте 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асыру үшін, жалпы құны 1,6 трлн. теңгені құрайтын 224 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Онда жаңа 33 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Оның ішінде, 2023 жылы құны 102 млрд. теңгені құраған 46 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 357 жаңа жұмыс орыны ашылды. Ал 2024 жылы жалпы құны 257 млрд. теңге болатын 52 инвестициялық жобаны іске асырып, 5 432 азаматты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Айта кету керек, 2027 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі салаларында 320,4 млрд теңгеге 9,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны бар 103 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, 2023 жылы жалпы құны 14,6 млрд теңгені құраған 14 инвестициялық жоба іске асырылды. Жоба аясында 633 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл бағыттағы жұмыс 2024 жылы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асырумен жалғасын табатын болады. 

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams  сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.


ПІКІР ЖАЗУ