Шымкент: Қошқар-ата өзенінің жағалауын абаттандыру үшін қоғамдық тыңдау жүргізіледі

0

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновациялау бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын бақылады.

Бозарықтағы көппәтерлі құрылыс алаңын аралау кезінде қала әкімі 9 қабатты 2 үйдің эскизін қарап, компания басшыларына бірқатар ұсынысын айтты. Ал тұрғындардың келісімімен салынып жатқан Безделеев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін толық аяқтауды міндеттеді.

Сондай-ақ Ә. Молдағұлова атындағы № 29 жалпы орта білім беретін мектептің мәселесі қарастырылды. Мұнда 1400-ден аса оқушы білім алуда. Бүгінде 1964 жылы салынған мекемеде орын тапшылығы сезілуде. Мәселенің мән-жайын білген қала әкімі 600 орындық қосымша ғимарат салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, тозығы жеткен Молдағұлова ескерткішін қалпына келтіруді тапсырды.

Аралау барысында Қошқар-ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары пысықталды. Ғабит Әбдімәжитұлы инвесторлардың эскиздік жобасымен танысып, нақты шешім шығару үшін қоғамдық тыңдау жүргізуді жүктеді.


ПІКІР ЖАЗУ