Шымкент ЖИТС-тің алдын алу бойынша үздік үштікке енді

0

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді.

Үздік атанған мекемені  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және  инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап,алғысын білдірді.

Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі  ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша ҚР ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында III орынды иемденді.                                                               

Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкіндігі туып отыр. Орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4 буынды жоғары сезімтал тест жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және негізгі топтарды АИТВ-ға тестілеу,мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

ЖИТС орталығы жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмыстар жасауда.


ПІКІР ЖАЗУ