Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 736 азаматқа жәрдемдесті

0

 Оның ішінде 263 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 азаматқа, оның ішінде 263 балаға көмек көрсетті. 29 азаматқа, оның ішінде 2 балаға медициналық көмек көрсетілді, — делінген хабарламада.

АМО психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. 

«Жедел желі» телефонына қазіргі таңда 717 қоңырау түсті, оның 674 – і ақпараттық сипатта, 43-і шұғыл психологиялық көмек сипатында.


ПІКІР ЖАЗУ