Су тасқыны. Ақтөбедегі Әйке ауылынан 188 адам қауіпсіз жерге көшірілді

0

 Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Әйке ауылында эвакуация жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Әйке ауылынан үрлемелі қайықпен барлығы 188 адамды эвакуациялады, оның 44-і бала. Эвакуацияланған тұрғындар Тереңсай және Т. Жүргенов ауылдарында қауіпсіз орындарға орналастырылды. 

Сондай-ақ тікұшақпен аймақтың жағдайын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Суды азайту мақсатында Тереңсай бөгетін басқа бағытқа бұру жұмыстары жүргізілді. Мотопомпаның көмегімен 4000 текше литр су сорылды, — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ