Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кетті
Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сағат 19:20-да Меңлібай-Көктерек өткелігінің күрделі қисық учаскесінде жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатты жою үшін Шымкент станциясынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы жіберілді, — делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.