eGov.kz 1414-тен келетін хабарламаларға қатысты ескерту жасады

0

 Электрондық үкімет порталының өкілдері алаяқтық әрекеттерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті пайдаланушылар! Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады, — делінген хабарламада.

Осы орайда электрондық үкімет өкілдері үшінші тұлғаларға ЭЦҚ бермеу қажет екенін ескертті.

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауап бересіз, — делінген ақпаратта.

Деректерді қалай қорғауға болады:

— 1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;

— ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;

— қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;

— ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;

— ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз;

— ХҚКО алынған ЭЦҚ құпия сөзін ауыстырыңыз;

— бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.

ЭЦҚ туралы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес, ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


ПІКІР ЖАЗУ