Құндылықтарды сақтау — ауылдан басталады

0

Берік Байбалаев, мұғалім:

— Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бүкіл ел болып күш жұмылдырып жатырмыз деп анық айта аламын. Өйткені қазақы тәрбиені дәріптеу, жастарға тәлім мен өнеге көрсету, кешегі әкелер итәрбиесімен аналар ізін жалғастыратын ұрпақ өсіп келеді. Мен Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Ұзынбұлақ ауылында мұғалім болып қызмет атқарамын. Ауылдағы мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, ауыл тұрғындарын тұроақты қатыс тырамын. Қоғамдағы ұлттық құндылықтарды нығайту ауылдан бастау алады. Оның дәлелі бізде  «Аналар кеңесі», «Ақсақалдар алқасы», «Жастар ұйымы» белсенді жұмыс істейді. Мерекелік іс-шаралар мен айтулы даталарда  арнайы жиынрдар ұйымдастырылады. Ал осы жиындардың түпкі мақсаты рухани құндылықтарымызды, отбасылық құндылықтарымызды дәріптеу.  Жыл сайын наурыз мейрамында әр көшенің тұрғындары салт-дәстүрімізден көрініс көрсетіп, ұмыт болдып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып  өнер көрсетеді.

Бұл да  келер ұрпағымызға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Одан бөлек ақсақалдарымыз бен аналарымыз жастармен кездесіп өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, отбасындағы құндылықтарды дәріптейтін дөңгелек үстелде бас қосады.  Ауыл келіндеріне де мол тағылымды әңгімелер айт ылып, қызықты конкурчстар ұйымдастырылады.  Біз осындай мәдени іс-шұараларды ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарының  қоғамдағы ұлттық  құндылықтард ы дамытуына үлес қосамыз. Қазір отбасында түрлі жағдайлар кездесғеді, материалдық жағдайдың төмендігі, жастар арасында ажырасу,   жұмыссыздық тағысын тағы.

Осындай мәселелерге де тақырыптық жиындар өткізіліп,  жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әкімдікпен бірлесіп көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға ауыл қорынан қайырымдылық істер ұйымдастырылады. Отбасы құндылығы дегенде ең алдымен болашаққа жоспары бар нық отбасы, сенім мен еңбектен құралған отбасының іргесі биік дер едім. 

Мемлекет тарапынан да отбасы институтын нығайтуға нақты жұмыстар істелуде. Арнайы мем лекеттік бағдарламалар да жүзеге асуда. Менің ойымша әр отбасы өзінің құндылығын арттыруға, нығайтуға күш салуы керек.


ПІКІР ЖАЗУ