КЕЛЕС: бірлікте әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт төселді

0

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Елдің талап тілегін ескерген жергілікті атқарушы орган өкілдері өткен жылы мектеп, балабақша, емхана орналасқан көшелерді орта жөндеуден өткізу мақсатында қажетті шараларды қабылдады.

Нәтижесінде ауылдық округінің орталығы саналатын Бірлік елді мекеніндегі Жаңақұрылыс және Жангелдин көшелері биыл асфальттанды.

Айта кетейік, Бірлік ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газға қосу бойынша сыртқы магистрал жүйесіне қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің ішкі жүйелері толық табиғи газ жүйесімен қамтылған соң ішкі көшелер жоспар бойынша орта жөнднуден өткізілетін болады.

Жалпы Бірлек ауылдық округі бойынша 28 көше болса, соңғы үш жылда 12 мың метр көшеге шағал тас, 1 200 метр көше асфальттанды. Сонымен қатар биыл Бірлік елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салынуы жоспарға енген.


ПІКІР ЖАЗУ