Сарыағашта конституция мерекесі қарсаңында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді

0

30 тамыз — Конституция күні қарсаңында ауданға қарасты Жаскешу елді мекенінде дене шынықтыруға арналған әмбебап спорт алаңшасы ашылды.

Ашық аспан астындағы спорт алаңының ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.Байғабұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы С.Тасқұлов қатысып, халықты айтулы сәтпен құттықтады.

Спорт алаңының лентасын ауылдың абыз ақсақалдары қиып, ресми түрде ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Айта кетсек, ауыл түрғындарына бұқаралық спорт түрлерін насихаттау бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында аудандық бюджет есебінен салынған спорт нысаны екі бөліктен спорт алаңы және workout  аумағы яғни жаттығу алаңы мен балалар ойын алаңшасынан тұрады.Спорт алаңын мердігер мекеме»Алсар голд» ЖШС бір жарым айдың ішінде салып, халық игілігіне табыстады.

Замануи спорт алаңы кез-келген жастағы адамдарға салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына мол септігін тигізері анық.


ПІКІР ЖАЗУ