Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінде өзекті мәселелер қаралды
Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің отыз алтыншы отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде он алты мәселе қаралды. Кеңес отырысын Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Б. Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «Түркістан облысының Шардара ауданында балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы есеп» бойынша Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Абдуалиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары С.Ильясов баяндама жасады. Қосымша баяндамамен Қоғамдық кеңесінің бюджет және экономикалық дамуы жөніндегі комиссия төрағасы Б.Жақыпов облыстағы балық шаруашылығының жағдайына жалпы сипаттама беріп, бұл саладағы кейбір маңызды мәселелерге тоқталып, кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсыныс берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамаларды талқылау барысында сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, өз пікірлерін білдіріп отырды.
Сонымен қатар кеңесте «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 52 «Түркістан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы ұсынылды. Сондай-ақ «Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/476-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы талқыланды. Одан бөлек «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Түркістан облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтардың кейбір мәселелері туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы да бүгінгі қоғамдық кеңесте қарастырылды.
Жиында ұсынылған жобалар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінен қолдау тапты.