АЭС салу — электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады

0

АЭС не үшін қажет десеңіз, ол еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіміз үшін  қажет. Атап айтқанда, АЭС-тің арқасында ең алдымен,  тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Ал, пайдасына келсек, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Тағы бір пайдасы, АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасы көтеріледі. 

Ақиқатына үңілсек, АЭС-тер қазіргі таңдағы электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Әлемде  таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген. «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс» деп Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осынау кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі саналатын референдум алдында азаматтарымыз жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдайды деген сенімдемін. 

Талғат ИСХАҚОВ – жеке кәсіпкер


ПІКІР ЖАЗУ