Қазығұрт ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

0

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті. Шара Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Түркістаным-Тұраным, жер киесі-Қазығұртым» атты мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.

Шарада Қазығұрт ауданының талантты өнерпаздары алаңды думанды ән-күйге бөлеп, Қазақстанға танымал эстрадамыздың жарық жұлдызы «Бақай» тобы және тағы да өзге эстрада жұлдыздары кештің көркін аша түсті. Жиылған қауым көңілді кештің куәсі болды.

Айта кетейік, қатарынан екі күнге созылған шараның алғашқы күнінде Этноауылда қазақ халқының көне салт-дәстүрі дәріптеліп, қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылса, екінші күнінде ұлттық спорт ұлықталды.


ПІКІР ЖАЗУ