ТҮРКІСТАН: Арыста көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

0

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған қаламыздың бірқатар көпбалалы аналарын құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

Төсбелгілерді тақпас бұрын қала басшысы ананың, әйелдің қоғамдағы орны туралы айтып, барлық нәзікжандыларды бүгінгі салтанатпен құттықтады.

«Қоғамда көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық жыл санап артып келеді. Арыста Сіздердей бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ақ жаулықты аналар, оның ішінде көпбалалы қыз-келіншектер көп болғай. Әрбір шаңырақта татулық, береке, ырыс-ынтымақ болсын,»- деп сый-сияпатын табыс етті.

Салтанатты шарада үш ана «Алтын алқа» иегері атанса, жеті ана «Күміс алқа» тағынды. Мемлекеттік наградаға ие болған аналар арасында дара кәсіпкерлер, үй шаруасындағы әйелдер, аспаздар және басқа да сала мамандары бар.


ПІКІР ЖАЗУ