Түркістан облысында үшем дүниеге келді

0

№ 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы үш перзентпен толықты. 27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін өмірге 17 қазан күні 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 34 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 430 грамм болса, екіншісі – 2 келі 490 гр, үшіншісінікі 1 келі 730 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп ат қойыпты. Алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

Дәрігерлердің айтуынша үшемдер туылған кезде аппаратта болған. Оларды алғашқы күндері жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылаған. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, медицина қызметкерлерінің көмектерінен соң үшемдер жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр дейді.


ПІКІР ЖАЗУ