ТҮРКІСТАН: облыстық «өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өтті
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ұстаздары арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау мақсаты – ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу. Сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Арыс қаласында орналасқан №17 колледж ұстазы Әділжан Сұлтанбек жеңіп алды.
І орын – Түркістан қаласы, Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж ұстазы Ақбота Бектасова; І орын – Төлеби ауданы, №8 колледж ұстазы Дина Садибекова; ІІ орын – Бәйдібек ауданы, №19 колледж ұстазы Айжамал Құралбек; ІІ орын – Қазығұрт ауданы, №11 колледж ұстазы Қырмызы Абилова; ІІІ орын – Кентау қаласы, №7 колледж ұстазы Дидар Төлбасы иеленді.
Жеңімпаздар «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» мекемесі атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Айта кетейік, «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттары, мектеп-интернат, арнайы мектеп-интернаттары, балалар үйлері ұстаздары арасында 30 қазан күні, аудандық, қалалық іріктеуден жеңімпаз атанған жалпы білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында 31 қазан күні, Түркістан қаласы, «Ақжайық» музыка мектебінде өткізіледі.