Еліміздің қай өңірінде ұрлық көп
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес ұрлықтардың 28,1%-ға40 458-ден 29 089-ға дейін ( 11 айы бойынша) төмендеуінің оң динамикасы байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұрлықтардың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727) ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).
Ұялы телефондар ұрлығы -31,2%-ғатөмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін).
Бұл ретте, ұялы телефондар ұрлығының еңкөбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.
Автокөлік ұрлығы бойынша -46,1%-ға 256-дан 138-ге дейін төмендеу байқалады.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың-33,7%-ға 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.
Сондай-ақ, мал ұрлығы бойынша-30,3%-ға 1 432-ден 998-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады.
Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97; облыстарында тіркелген.