Оқу-ағарту министрлігінің тексеру нәтижесінде 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0

 Биылғы жылдың басынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 242 білім беру ұйымына тексеру жүргізді, оның ішінде 108 тексеру жергілікті жерлерге бару арқылы жүзеге асса, 13 тексеру жоспардан тыс тұрғындардың арыз-өтініштері негізінде жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдан бастап «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңының 52-1 және 52-2-баптары күшіне енді, мұнда облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда білім беру ұйымдары мен басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге қойылатын жаңа тәртіп пен талаптар айқындалған. Аталған жұмыс балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықбұзушылық фактілерін анықтауға бағытталған. Тексерулер 25 білім бөлімінде және өңірлердің сегіз білім басқармасында жүргізілді.

Нәтижесінде 15 лауазымды тұлғаға сот шешімі бойынша әкімшілік айыппұл салынды, 65 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Министрлік балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтарды, оның ішінде мектептегі ас мәзірінің белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес келмеуі, сабақтарды жүйелі түрде өткізетін балаларға әсер етудің тиімді шараларының болмауы, оқушылардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің сақталмауы және т.б. фактілерді тіркеді. Бұл мәселелер жергілікті билік пен білім беру ұйымдары тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді, — деп атап өтті комитет төрағасы Насымжан Оспанова.

Тексеру қорытындысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 121 ұсыным және бұзушылықтарды жою туралы 151 нұсқама жолдады. Сондай-ақ ұсынымдардың орындалуын талдау тұрақты негізде жүзеге асырылады, оның барысында Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында берілген ұсынымдардың сапасыз орындалуы анықталды.

ҚР «Білім туралы» Заңының 6 бабына сәйкес балабақшалар, мектептер, қосымша білім беру ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың қарамағында. Сондай-ақ, аталған ұйымдардың басшыларын тағайындауды әкімдіктердің құрылымындағы білім басқармалары жүзеге асырады.

Айта кетейік, балалардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.


ПІКІР ЖАЗУ