Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды

0

Елордада алғаш рет жүктіліктің алтыншы айында әйелге бірегей хирургиялық фето-фетальды трансфузиялық синдромын түзету жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фетальды хирургиясы Астана қаласының №2 көпсалалы ауруханасының базасында клиника мамандарының күшімен шетелдік мамандарды тартпай жүргізілді.

Фетальды хирургиясын енгізу акушерлік және перинаталдық медицинада жаңа көкжиектер ашады. Осы уақытқа дейін осындай көмекке мұқтаж жүкті әйелдер басқа елдердің мамандандырылған орталықтарына емделуге мәжбүр болды, бұл ретте көп шығындц, логистикалық қиындықтар мен тәуекелді қажет етті. Енді мұндай көмек елордада қолжетімді және жоғары кәсіби деңгейде көрсетіледі», — деді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

41 жастағы жүкті әйел № 2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік бөліміне жүктіліктің асқынуымен және ұрыққа төнген жоғары қауіппен жатқызылды. Операцияға дайындық кезінде дәрігерлер диагностикалық алгоритмдерді белгілеп, көрсеткіштерді дәл бағалау үшін жағдай жасады, бұл операция кезінде ана мен балаға қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді. Дайындық пен енгізудің барлық кезеңдері шетелдік сарапшылардың шақыруынсыз аурухана базасында өткізілді.

Барлық медицина қызметкеріне, дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Бәрі жақсы, тыныш өтті. Дәрігерлер өте мұқият болды», — деді жүкті Айнұр Кенжеева.

Жобаның сәтті аяқталуы аурухана ұжымының, профессорлардың және т. б. қатысуымен өтті.

Біздің клиникада жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жаңа түрі – фетальды хирургиясы енгізілуде. Елорда әкімдігінің белсенді қатысуының арқасында біз өз күшімізбен сәтті операция жасадық. Бүгінгі іс-шара медицинадағы ең күрделі сын-қатерлерді бірге жеңе алатынымызды көрсетеді», — деді аурухана директоры Нұрбол Тұрсынбаев.


ПІКІР ЖАЗУ