Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды

0

15 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

15 желтоқсан күні Астана қаласында түнде жаңбыр аралас қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ал түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында тура сондай ауа райы болжанып отыр.

Алматыда батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін барады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде мен шығысында жылдамдығы — 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында — тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында оның екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жалдамдығы — 15-20 м/с. Ал Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с дейін барады. Семей қаласында күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде – тұман мен көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр, ал Алакөл көлдері аудандарында екпіні 30 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 18 м/с дейін болады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, ал облыс орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Көктайғақ пен бұрқасын болады. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы кей уақыттарда 23 м/с дейін барады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Ал күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с болады.


ПІКІР ЖАЗУ