ШЫМКЕНТ: 104 азамат мерзімінен бұрын жинақтау шарты арқылы баспаналы болды

0
84

«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 975 пәтер иесі баспаналарын сатып алу құқығына ие. 2010-2011 жылдары аралығында «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасымен Өзбекстан елінен келген қандастарға бюджет есебінен Асар шағынауданынан 975 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.

Осыған орай Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының, Қаратау ауданы әкімдігінің, «Отбасы банк» ШҚФ-ның, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-нің, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бағдарлама қатысушыларының арасында «Асар» шағынауданынан берілген тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау шарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, Бағдарлама операторлары Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банкі» АҚ-ы болып табылады. Тұрғын үйлер бағдарламаға қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға беріліп, жалдау шартының талаптарына сәйкес, тұрғындар аталған банктің арнайы депозит шоттарында белгіленген көлемде салымдар (жинақ жарналарын) салып отыруы тиіс. Бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы бойынша 104 азамат мерзімінен бұрын жинақтау шартын орындап, жеке меншігіне аударған.


ПІКІР ЖАЗУ