Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды

0

 ТЖМ құтқарушылары 15 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Түнде «Алматы-Түркістан» тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Аса ауылы ауданында тұрып қалды. ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 15 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.


ПІКІР ЖАЗУ