Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады

0

Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің Телеграм арнасына сілтеме жасап. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай орын алған жерге барады. 

Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесуді, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр.  Барлық төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ