Сайрам: азаматтардың мәселелері заң аясында қарастырылатыны айтылды

Аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындарды кезекті рет тікелей жеке мәселелері бойынша қабылдады. Алдын ала қабылдауға жазылған азаматтар түрлі мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында тұрғындар елдімекен аумағында табиғи газға қосылмаған тұрғын үйлерді толық қамтамасыз ету, қоқыстарды тасымалдау, жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй кезегіне тұру, жолдарды жөндеу және тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету секілді өтініштерін білдірді.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тиянақты тыңдаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы өтініш-тілектердің заң шеңберінде шешілу жолдарын түсіндіріп берді.
Қабылдауда көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті басшылар тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.