Сайрам: пробация тізімінде тұрған азаматтар қоғамнан қол үзіп қалмайды
«Қоғамдық Келісім» Сайрам аудандық филиалының бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Манкент ауылдық клубында «Менің құқығым – менің бағдарым» тақырыбында ауданда пробация қызметі есебінде тұратын азаматтармен және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мақсаты – пробация қызметі есебінде тұратын қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына, қылмыстық істер жасауының алдын алып, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық Келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, алқа мүшесі Әлібек Байназар, Сайрам Ауданы Мансап Орталығы филиалының кәсіпкерлікті қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру бөлімінің басшысы Азамат Сыдықұлы және Сайрам Ауданының Полиция Басқармасының қызметкерлері қатысты.
Әлібек Байназарұлы өз сөзінде: «Ана тілі» газетінде жарияланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты елдің болашағын дамытуға бағытталған алысқа көздейтін стратегиясын көрсетеді. Сұхбатта қазақ тілінің мәртебесін арттыру мен оны дамытуға ерекше назар аударылғаны қуантады. Президенттің айтуынша, қазақ тілі тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен технологиялардың тіліне айналуы тиіс екендігін ерекше тілге тиек етті.
Базарбай Мамадиярұлы: Тәрбиесі қиын сотталған азаматтар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасында, салауатты өмір салтын енгізу, адами құндылықтарды дәріптеу, оларды қоғамдық-пайдалы жұмысқа тарту туралы пікірін білдірді.
Ал, Азамат Сыдықұлы өз сөзінде қажеттілігіне байланысты жұмысқа орналастыру, қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру бойынша зерттеу және талдау жасай отырып, аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, мұқтаждығына қарай бос орындар бойынша жәрмеңкелерге қатыстырып, тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал жасау туралы мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.