Сарыағаш: шаруалармен кездесу өтті

0

Осы ретте, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков  Сарыағаш ауданының агроқұрылым өкілдерімен кездесіп, ауыл шаруашылық саласы бойынша сұрақтар талқыланды.

Жиын барысында   Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхан Құралбековтің агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілетін жеңілдетілген несиелер мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларға қатысты  баяндамасы тыңдалды.

Мәжіліс барысында жеңілдетілген пайызбен несие алу, тыңайтқыш пен жанар-жағармайға өтінім беру барысында кездесетін кедергілер ашық талқыланып, аудан аумағындағы ағын су мәселесі, су арналарының жағдайы жөнінде сұрақтар қойылды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев салада атқарылған жұмыстарға атап өтті. Ауданда  2024 жылы  Құлтума, 54-тармақ, Сифон каналдары мен Жеміс қойма, Шеңгелді қашыртқыларын жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 129,0 млн.тг қаржы бөлініп,  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Тұран-су» МКК арқылы бөліп төлеу негізінде сатып алынған 3 бірлік техниканың көмегімен  ұзындығы  172 шақырымды құрайтын 56 бірлік су нысандары механикалық тазалаудан өткізілді. Қазіргі таңда, 47-тармақ каналына қосымша су беру жұмыстарын (Фронтовой қашыртқысынан насос арқылы) жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралып,  жөндеу жұмыстары мердігер «Kazakh teh Stroy» ЖШС тарапынан жүргізілуде.Сонымен қатар, ауыл шаруашылық басқармасы  тарапынан ұзындығы 274 шқ құрайтын Р-4-2, Құлтума және Үлкен Келес магистралдық каналы су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу үшін, жобалық сметалық құжаттамаларға  өзгерістер енгізуге облыстық бюджет есебінен жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Сарыағаш ауданының Құркелес, Көктерек, Тегісшіл және Келес ауданының Біртілек ауылдық округтері аумағындағы коммуналдық меншіктегі Шошым каналын, Сарыағаш ауданындағы  Жібек жолы ауылдық округ аумағындағы коммуналдық меншіктегі Шаншар-құлақ каналын,  күрделі жөндеуден өткізу үшін, мемлекеттік сараптамдан өткізілді.

Кездесу соңында Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың барлығы заң аясында зерделеніп, соған сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ