Сауран: көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша комиссия отырысы өтті

0

Сауран ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерін қарастыру мақсатында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен комиссия отырысы ұйымдастырылды. Жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде көктемгі су тасқынының алдын алу және аудан аумағындағы гидротехникалық құрылғылар мен құрылыстардың жағдайы туралы екі маңызды мәселе қаралды.

Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаев аудандағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша баяндама жасады. Үшқайық ауылдық округінің әкімі Болат Сенбеков пен Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық та өз ауылдық округтеріндегі  дайындық жұмыстарын баяндап, көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қолға алынған шараларды атап өтті.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы гидротехникалық құрылғылар мен құрылыстардың жағдайы туралы Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров ақпарат берді. Ол ауданның гидротехникалық құрылғыларын тексеріп, олардың ағымдағы жағдайы мен су тасқынының алдын алу үшін қажетті жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Комиссия мүшелері осы мәселелерді талқылай келе, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар шаралар қабылдауды жөн деп тапты. Әр ауылдық округте қажетті жұмыстар жүргізіліп, гидротехникалық құрылғыларды жақсарту мақсатында арнайы шаралар жоспары дайындалады. Отырыс соңында аудан әкімі алдағы уақытта да мұндай комиссия отырыстарының тұрақты түрде өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша жұмыстардың сапалы жүргізілетінін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ