ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Баққожаев Анас Ахатұлы Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен келді

0

Анас Баққожаев Бәйдібек ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы мамандарымен, шаруа қожалықтардың төрағаларымен және фермерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов мәжіліс депутатына аудандағы аграрлық секторды дамытуға арналған негізгі жобалар мен атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды енгізу, егіс алқаптарын ұлғайту, мал басын көбейту және балық шаруашылығын жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларды атап өтті. Сондай-ақ, саланы дамытудағы негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдарына тоқталды.

Жиын барысында мәжіліс депутаты фермерлер мен шаруа қожалықтарының өкілдерін тыңдап, субсидиялау, техникамен қамтамасыз ету, суармалы жерлерді тиімді пайдалану және өнімді өткізу жолдарына байланысты ұсыныстарды қарастырды.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы ақпарат беріп, осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, айтылған ұсыныстарды мұқият тыңдап, осы мәселелерді республикалық деңгейде қолдау көрсету үшін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Бұл кездесу ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған пікір алмасу алаңына айналып, саланың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған маңызды шара болды.


ПІКІР ЖАЗУ