Түлкібас: аудан әкімі әк өндірісін дамытуға қызығушылық танытқан инвесторды қабылдады

0

Түлкібас ауданының әкімі Аскар Естибаев аудан аумағында әк өндіруге қызығушылық танытып отырған Қытай елінің «Fujian Yonghuan New Material Technology Co. Ltd» компаниясының өкілі Ван Жиангты арнайы қабылдап, келіссөздер жүргізді.

Аспан асты елінен келген кәсіпкер аудан аумағында көп жылдан бері қызмет атқарып келген «ҮМІТ-СД» ЖШС-нің жұмысын жандандыру мақсатында кәсіпорынға инвестиция құйып, жаңа технологияларды енгізу арқылы жылына 150 мың тонна әк өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аудандық кәсіпорынның кең орнынан жер сынамасын алып, ондағы әк құрамын анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Асқар Сұлтанұлы шет елдік инвестормен сұқбаттасу барысында, аймақта туризм және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, бұл бағытта қызығушылық танытқан жағдайда мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді. Сонымен қоса, аудан әкімі жоспарлар іске асқан жағдайда жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 95 пайызын аудан тұрғындарынан қабылдау керектігін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ