Бәйдібек: ауыл өміріне жаңа тыныс

0

КЕҢЕС ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Ұ.СӘДІБЕКОВ ПЕН БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Е.НҰРМАХАНОВ КЕҢЕС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ГАЗ ЖҮЙЕСІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ІСКЕ ҚОСТЫ

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Ақбастау ауылдық округі, Кеңес елді мекенінің тұрғындары үшін үлкен қуанышқа толы оқиға орын алды – табиғи газ пайдалануға берілді. Бұл маңызды қадам елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған игі бастама болып табылады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібеков Бәйдібек ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Кеңес елді мекеніне барып, тұрғындарды табиғи газдың қосылуымен құттықтады.

Ұ.Сәдібеков құттықтау барысында:

бұл маңызды жобаның елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, экологиялық таза және үнемді энергияны пайдалануға мүмкіндік береді.  Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, инфрақұрылымды дамыту бағытында жасалып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін — атап өтті.

Кеңес елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында «ГазВодМонтаж» ЖШС-і тарапынан 10,520 шақырымға газ желісінің құбырлары жүргізілді. Жалпы елді мекенде 130 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады.

Тұрғындар өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Бұл маңызды оқиға елді мекен тұрғындары үшін жаңа жылдағы ерекше қуанышқа айналды.


ПІКІР ЖАЗУ