Басты мақсатымыз – сіздермен ашық диалог орнатып, кәсіпкерлікті дамытуға кедергілер болса, бірлесе отырып заң аясында шешу

ТУРИЗМ САЛАСЫ.
Төлеби ауданы аумағында 254 туристік нысан қызмет көрсетуде.
Ауданның туризм саласының потенциялы өте жоғары. Осыған орай, төмендегі бағыттар бойынша инвестиция тартуға болады.
— экстремалды туризм (шаңғы, сноуборд) саласында жобаларды жүзеге асыру – өңірде баламасы жоқ жоба болып табылады.
— жылқы сүтінен дайындалатын саумалмен емдеу орындарын ашу – денсаулық сақтау саласындағы өзіндік орны бар сала.
— туристік аймақтарға және осы бағыттағы жол бойларына шағын заманауи сервистік қызмет көрсету орындарын іске қосу – туристік аймақтардың дамуының басты көрсеткіші болып саналады.
— тау шаңғысы, тау альпинизмін дамыту – шет ел туристтері мен әлемдік деңгейдегі спортшылардың ауданға келуіне өз септігін тигізеді.
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ.
Ауданның географиялық орналасуы -Республикалық маңызы бар жолдарға жақын орналасқан (30 минут). Жүк тасымалдауға арналған темір жол тұйықтары бар.
Жұмыс күші тұрғысында саланы жан-жақты дамытуға мол мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, келесі бағыттарға басымдық беріп отырмыз.
Атап айтқанда:
— жеміс – жидектерді қайта өңдеу;
— табиғи ауыз су өндірісі;
— кондитерлік өнімдер шығару;
— кірпіш зауытын ашу;
— ет өнімдерін қайта өңдеу;
— сүт өнімдерін қайта өңдеу бағыттары басымдыққа ие.
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ.
Төлеби ауданында 122 мың халық бар.
Оның ішінде аудан орталығы Ленгір қаласында
32 мың халық тұрады.
Осыған орай аудан орталығы тұрғындары тарапынан сұраныстың артуына байланысты, келесі салаларды дамытуға болады.
— көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу;
— заман талабына сәйкес ойын сауық орталығын ашу оның ішінде: кинотеатр, боулинг орындарына сұраныс жоғары болуда.
— көпфункционалды спорт кешенін салу;
— ІТ-мамандығы, математика және шет тілдерін тереңдетіп оқытатын оқу орталығын ашу;
— медициналық қызмет көрсету орталықтары және әсемдік креативті – индустрия саласын дамыту қажет.
Құрметті достар!
Аталған бағыттарға Төлеби ауданына инвестициялық жобаларды салып, жаңа кәсіпкерлікті бастауға шақырамыз.
Төлеби ауданы әкімдігі Сіздерге сенімді әрі ашық әріптес болуға дайын.
Аудан әкімідігі тарапынан, жұмыс жасаймын кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін азаматтарға немесе ісін кеңейтіп шаруасын ілгерілетуді қолға алған кәсіпкерлерге әрдайым Заң шеңберінде қолдау көрсетілетін болады.