Түлкібас ауданында су шаю қауіпі бар 4 шақырымға жуық өзен бойы бекітілген

Аудан аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында, 10 елді мекеннің маңындағы өзендер бойындағы су шаю қауіпі бар 10 учаскенің 3720 метр арнасын нығайту жұмыстары атқарылған.
Бұдан бөлек, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында аймақта 16 каналдың 27 шақырымға жуық жеріне механикалық тазалау жүргізілген.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Аскар Естибаев төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Арыстан Қоқыров мәлімдеді.
Сонымен қоса, дәстүрлі лездемелік жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық, инжинерлік-инфрақұрылым тарту барысындағы өзекті мәселелер қаралды.
Өткен жылдың желтоқсан айында көктемгі дала жұмыстарына мемлекеттен жеңілдетілген жанар-жағармай алуға 304 шаруа қожалық тарапынан өтінім беріліп, оған қажетті 6996 тонна жанар-жағармай қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда жауапты мердігер анықталған.
Жиынды түйіндей келе, Асқар Сұлтанұлы жауапты басшылармен алдынғы жылдары аудан аумағында көктемгі жауын салдарынан су тасқыны орын алған учаскелерде жағдайдың қайталанбауы бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізді.
Жер мәселелесіне арнайы тоқталып, ауыл әкімдеріне ретсіз жер телімін беру фактісі анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданылатындығын жеткізіп, Заң талаптарына сай қажетті инжинерлік-инфрақұрылым тартылып болған соң жер кезегінде тұрған азаматтарға кезекке сай жер беру керектігін ескертті.
Сонымен қатар, тұрғындардан түскен арыз-шағымдарға уақытылы, белгіленген мерзімде жауап беруді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.