Кентау: қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті

0

Жиында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік сатып алу тізбесі және ережесіне сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша және Тұрғын үй қорын жаңғырту аясында жөндеу жұмыстарынан өткен көпқабатты тұрғын үйлердің қайтарымды несие төлемдерін жинақтау жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Аңсаған Абуов қала көлемінде өткізілген мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг бойынша баяндады. Бөлімдер мен ауылдардың мемлекеттік сатып алу мамандарына Кентау қаласында жаңа Заң тармақтарын түсіндіру бойынша оқу-семинар ұйымдастыру қажеттігі ұсынылды.

«Кентау құрылыс» ЖШС-нің басшысы Бақытжан Сланбаев Тұрғын үй қорын жаңғырту аясында жөндеу жұмыстарынан өткен көпқабатты тұрғын үйлердің қайтарымды несие төлемдерін жинақтау жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Әлі күнге құрылысы жүрген үй иелері қайтарымды несиені төлеуден жалтарып жүргені айтылды.

Қала басшысы бұл бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Мәжілісті қорытындылаған қала басшысы сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, олардың мерзімінде және нәтижелі орындалуы тікелей өз бақылауында болатынын жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ