Сайрам: «Отбасын қолдау орталығында» «ашық есік» күні ұйымдастырылды

0

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық, заңгерлік және тәртіптік іс-шарасы аясында Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» ғимаратында азаматтарға құқықтық, психологиялық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы және некені сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға заңдық және психологиялық қолдау көрсету, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Аталған  іс-шараға Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизов, Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты А,Алихан, Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің полиция-аға лейтенанты С.Маханбет, Түркістан облысы атқарушысы округінің жеке сот  орындаушысы Т.Амангельдиев, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас психологі Б.Куанишов, Сайрам аудандық жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Қ. Әсілов, Сайрам аудандық Білім бөлімінің әдіскері Г. Нуртанова,  Қарасу ауылдық әкімдігінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі бас маманы М.Бекешов, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  «Отбасын қолдау орталығы» КММ қызметкерлері қатысты.

«Ашық есік» күні аясында келген отбасыларға психологиялық, атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, ақылы қоғамдық жұмыс, некенің бұзылуына байланысты бала бөлісу мәселесі бойынша заңгерлік кеңестер берілді.

 Алдағы уақытта аталған азаматтардың мәселесінің орындалуы тиісті мекеме басшыларының назарында болады.


ПІКІР ЖАЗУ