ШЫМКЕНТ: Карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде

0

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда, деп хабарлайды Bainews.kz тілшісі.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Сондай-ақ, Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды.

Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында «Нұр-777», «Кездесу», «Дидар», «Сұлтан ата» Bomond”, «Ынтымақ», «Аль-акрам» және т.б, тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде.


ПІКІР ЖАЗУ