Түркістан облысында «қамқорлық» орталығы құрылды

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқорлық» құрылды. Бұл орталық менталды бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
«Қамқорлық» қоры және «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының жол картасын жүзеге асыру үшін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып отыр. Ресми ашылуы биыл наурыз айына жоспарланған.
Орталықтың басты мақсаты – 3 жастан 18 жасқа дейінгі аутистік спектрі бұзылған және басқа да менталды бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығы негізінде жұмыс істейді.
Орталықта әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, еңбекке балу және тағы басқа да бағыттарда бір мезетте 125 баланы қабылдай алады.
Қызмет алушы балалардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін және мүгедектігі бар балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге арналған заманауи үлгіде жасалған Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен құрал-жабдықтар жеткізіледі. Атап айтқанда, проекциялық интерактивті бөлме, сенсорлық бөлме, интеграциялық сенсорлық бөлме, лего робототехника бөлме, музыкалық бөлме, арт-терапия бөлмесі, тігін шеберханасы, ағаш шеберханасы, қыш шеберханасы бөлмелерімен жабдықталады.