Сауран ауданы әкімдігінде кезекті апталық мәжіліс өтті

Сауран ауданы әкімінің аппаратында кезекті апталық мәжіліс өтіп, жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етті. Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралып, күн тәртібінде екі негізгі тақырып талқыланды.
Алғашқы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылға жоспарланған шаралары сөз болды. Бұл жөнінде бөлім басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы міндеттерге тоқталды. Ол халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Екінші мәселе «Таза Қазақстан» акциясының Сауран ауданы аумағында орындалу барысы қаралды. Бұл тақырып бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асылбек Қанағат баяндама жасады. Ол экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүргізілген тазалық шаралары, сенбіліктер және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қаралған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.