Заң және тәртіп тақырыбында өткен семинар

0

«Біртұтас Ел – Бір тұтас жер» тәрбие бағдарламасы аясындағы Шымкент қаласы нөмірі бірінші мектеп-гимназиясының аумағында Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының  алғашқы әскери және техногиялық пән мұғалімдеріне «Заң және тәртіп» құндылығын дәріптеу, сонымен қатар әскери тәртіпке деген құрметті арттыру бағытында бір күндік әдістемелік семинар өткізілді.

Бір күндік әдістемелік жиынды ашқан қалалық қорғаныс істері жөнідегі департаменті бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, ел мен жерге деген құрметті арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

— Бұл жиын білім басқармасы «Әдістемелік орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» директоры Шолпан Айтбаева мен Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Ғалымжан Факирдинов араларындағы бекітілген жоспары аясында өткізіл жатыр. Осы семинар барлығымызға оң септігін тигізіп, өскелең ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуге барынша ықпал ететіне кемел сенемін, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Ашық және әдістемелік сабақтар барысында информатика пән мұғалімі Айман Баумуратова әскери робот техникасының негіздері мен әскери роботтардың түрлері және оларды қолдану туралы түсіндіру дәрісін өтті. Бұл сабақтың мақсаты – заманауи технологияларды таныстырып, әскери робототехниканың маңызды аспектілерін көрсету болды. Әскери роботтар соғыс әрекеттерін жүргізуде қолданылатын маңызды құралдар ретінде балалардың назарын аударды. 

Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінде жарақатты алдын алу, ойындар кезінде қауіпсіздік шаралары туралы айтылып, балалардың денсаулығын сақтауға және физикалық белсенділікті дұрыс ұйымдастыруға бағыт берді.

Жол жүру ережелері және қауіпсіздік шараларын семинар барысында полиция департаментінің қызметкері жол жүру ережелерінің қауіпсіздігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізді. Әскери жетекшілерге жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екендігі туралы ақпарат беріп, бұл шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің өкілдері жастарды Қазақстан Республикасы әскер қатарына қосылуға ынталандырып, әскери қызметтің маңыздылығы мен артықшылықтары туралы баяндады. Бұл бөлім жастардың Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел қорғаны болуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған болатын.

Семинар соңында қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама семинардың тәрбиелік маңызын күшейтіп, қатысушыларды бір-бірімен жақындастырып, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды нығайтты.


ПІКІР ЖАЗУ