Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Өртті сөндіру барысында жерді рекультивациялау, топырақпен көму және жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті жоюға ТЖД, ЖАО және ПД күштері мен құралдары жұмылдырылды.