Ертеңнен бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

0

Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап сталкингке қатысты қылмыстық жауапкершілік күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

Сталкинг – бір адамды қалауына қарсы жүйелі түрде мазалап, қудалау әрекеті. Мәселен, үздіксіз қоңырау шалып, мазасын алу, соңынан қалмай жүру. Әлемнің көптеген елінде бұл норма бұрыннан бар. Ұзақ уақыт бойы қудаланған адам жауап қатпай, қашқақтай бастағанда, жағдай жәбірленушіге зор қолайсыздық тудырады. Кейде мұндай әрекеттер ауыр қылмыстарға да ұласып жатады, – деді вице-министр.

Айтуынша, Қылмыстық кодекстің жаңа 115-1-бабы сталкингті қылмыстық теріс қылық санатына енгізеді.

Біз жаңа баптардың барлығын қатаң бақылауға аламыз. Әзірге алғашқы айда тәжірибені қадағалаймыз, қандай нәтиже беретініне, баптың қалай қолданылатынына талдау жасаймыз. Кейін бұл мәселені кеңірек талқылаймыз, – деп атап өтті Игорь Лепёха.


ПІКІР ЖАЗУ