Сайрам: индустриялық аймақта 126 жоба іске асырылады

0

Сайрам ауданында биыл жалпы құны 62,3 млрд.теңгені құрайтын 21 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 045 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Өткен жылы құны 15,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 235 жұмыс орны ашылған болатын. Бұл туралы ауданның  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баходир Олжаев аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру бойынша кеңес отырысында мәлімдеді. 

– Бүгінгі таңға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілер саны 23 549 бірлікті құрайды.  Ал олардың өндірген өнім көлемі 208,0 млрд.теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,7%-ға артқан. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы  кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіруді арттыру бағытында 75 жобаны  несиелендірілді. Өткен жылы облыс әкімдігінің «Сайрам» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құру туралы қаулысы қабылданды. Аталған индустриялық аймақта іске асырылатын жобалар саны – 126-ны құрап, жобалардың құны 62,2 млрд.теңгеге жетіп отыр. Нәтижесінде 1 835 жұмыс орны ашылмақ, — деді бөлім басшысы.

Бөлім басшысы өз есебінде сауда, агроөнеркәсіп, ағын су, мал, егін шаруашылықтары мен су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Өз кезегінде аудан басшысы Арман Сәбитұлы өңірдің агроөнеркәсіп секторындағы әлеуетін кеңінен пайдалану бойынша айтып, ауыл шаруашылығы мен инвестиция тарту салаларына баса көңіл бөлінетіндігін, сондықтан да осы бағыттағы жұмыстарды ширатуға тапсырма берді.


ПІКІР ЖАЗУ