Ордабасы: ауылдың әлеуетін көтеру үшін ауылшаруашылық саласына аса көңіл аудару қажет

Ордабасы: ауылдың әлеуетін көтеру үшін ауылшаруашылық саласына аса көңіл аудару қажет
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев апталық жұмыс жоспарына сәйкес, Төрткүл, Қараспан, Қажымұқан ауыл округ әкімдерінің алдағы жоспарлары мен атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Жиында ауыл округтердің дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары және ауылшаруашылығын дамыту мақсатында осы жылдың межесінде іске асырылатын маңызды қадамдары талқыланды.
Аудан әкімі бірқатар салаларға баса назар аударуды, газ жүйелеріне абоненттерді қосу, шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ауыл шаруашылығын дамыту мал және егін шаруашылығын қолдау, ауылдарды көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, “Taza Kazakstan”акциясы аясында жүйелі жұмыстарды жүргізуді міндеттеді.
Аудан басшысы ауыл округ әкімдеріне әр ауылдың ерекшеліктері мен ресурстарын ескере отырып, осы бағыттарды жүзеге асыру арқылы ауылдарды жан-жақты дамытуға болатынын атап өтті.