Түркістанда «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті

0

Бүгін Түркістан қаласында «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

«Кездесуінің басты мақсаты — елдегі бірлік пен тыныштықты сақтау. Қоғамдағы өзекті мәселелерді саралап, олардың алдын-алу, түйіткілді мәселелердің шешілуі бойынша тұрақты түрде кеңес өткізіп, жүйелі жұмыс жүргізу. Біз – көпұлтты қоғамбыз. Ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауы тиіс. Түркістан қаласы — рухани әрі киелі орта, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан мекен. Соған лайық болуымыз керек,» — деді қала әкімі.


ПІКІР ЖАЗУ