Арыстық сайыпқыран ел президентінің қолынан мемлекеттік награда алды

Биыл Дубайда күш құрылымдарының арнайы күштері арасында өткізілетін дәстүрлі «SWAT Challenge» сайысында Қазақстан атынан 12 команда қатысып, жалпы қорытынды бойынша екінші орынды жеңіп, ел мерейін үстем етті. Әлемнің 53 елінен 106 команда бес күн бойы бақ сынасқан болатын.
Әлемдік додада ел намысын қорғағандар арасында Арыс қаласының тумасы, жерлесіміз Қаппар Ерсайын Сырайылұлы да бар. Ол қаламыздағы С.Қожанов мектебінің түлегі, 9-шы сыныпты аяқтап, Алматы қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебінің спорт мектебіне оқуға түскен. Сәтті аяқтаған соң, ҚРҚК Құрлық әскері институтын абыроймен аяқтаған. Бүгінгі таңда, Астана қаласында, ҚРҚК Арнайы операциялар күштері сапында аға лейтенант шенінде абыроймен қызмет етуде.
Дубайда өткен жарыста «KAZ COF JAUBASAR» командасы құрамында өнер көрсетті. Жерлесіміз көрсеткен жоғары нәтижесі үшін мерзімінен бұрын капитан шенін алмақ.
Талантты да табанды Ерсайын жерлесіміз бірнеше спорт түрінен шебер дәрежесін бар. Атап айтқанда, ҚР бокстан спорт шебері, ҚР Қоян қолтық ұрыстан спорт шебері, ҚР Армиялық қоян қолтық ұрысынан спорт шебері, және жуырда ҚР унифайттан спорт шеберіне кандидат алды.
Ал өткен аптада, Мемлекет басшысының қабылдауында болып, ел президентінің қолынан мемлекеттік награда алды!
Жерлесіміз Қаппар Ерсайын Сырайылұлын әлемдік додадағы зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел намысы мен тыныштығын қорғаудағы қажырлы еңбегі мен табандылығы өскелең ұрпаққа мол үлгі. Ерсайынға алдағы қызметінде абырой мен сәттілік тілейміз! Арыс қаласының сайыпқыраны ретінде ел мерейін асыратын жетістіктері әлі де көп боларына сенеміз!