Сарыағашта оқушылар сарайы салынады

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесуі Сарыағаш қаласында өтті. Кездесуде өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың жайын баяндап, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

— Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – ашық пікір алмасып, сіздердің ұсыныс-тілектеріңізді тыңдау. Қаланы көркейту, оның дамуына үлес қосу — ортақ мақсат, ортақ іс. Сондықтан, алға қойылған жоспардың нәтижелі орындалуы басшыға, ал оған жауапкершілікпен қарау тұрғындардың мәдениеттілігі мен жанашырлығына тікелей байланысты,-деді аудан басшысы.

Кездесу соңында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, заң аясында жауап берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер назарға алынып, жауапты мекеме басшылары мен сала мамандарына тапсырмалар берді.

Сарыағаш қаласын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Таза-қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ашылып, 43 жұмысшы тұрақты жұмыспен қамтылып, 6 арнайы техника берілді. Сарыағаш қаласына қарасты  Майлықожа және Әйтеке би көшелерінің бойына  арка орнатылды. Қалаға  қарасты Талас, Өзкент көшелерінің  тұрғындарының  үйіне көгілдір отын кіргізілді. 8 көшеге аяқ жол орнатылып, 5 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарыағаш қаласының аумағына 8 балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшалары салынып,  тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Ю. Гагарин, Келес, М.Қалжігітов көшелерінің бойындағы  көпірлерге  жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9 көшенің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында   электр бағаналары жаңартылды. Сарыағаш қаласына қарасты  34 көшеге түнгі жарық шамдар орнатылды.

2025 жылы Сарыағаш қаласындағы 28 көшеге түнгі жарық шамдарды орнату, Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс  жұмыстары жүргізіледі. Сарыағаш аудандық №3 балалар мен жасөспірімдерге арналған  спорт мектеп ғимаратына күрделі жөндеу, көшелерге асфальт төсеу, аяқ жол орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, қалада оқушылар сарайымен балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынады. Сарыағаш қаласының аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар тас жолының бойына екпе шарбақтар  орнатылады.


ПІКІР ЖАЗУ