Сарыағаш: атқарылған жұмыс көп, атқарылатын жұмыс одан да мол

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Құркелес ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы алдыңғы кездесулерде айтылған мәселелерге қысқаша тоқталып, атқарылған жұмыстармен бөлісіп, ауыл тұрғындарымен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

Кездесуден кейін аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған  әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысына оң бағаларын беріп, әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын және нақты мерзімін ашық атап өткеніне ризашылықтарын білдірді.

Құркелес ауылдық округіне қарасты  Құркелес елді мекенінің 7 көшесіне ауыз су құбырлары тартылып, Ақбура ата көшесіне жарық шамдар орнатылды. Ауылдық округке қарасты Құлтума елді мекенін  сапалы электр қуатымен қамту мақсатында электр желілері мени бағаналары жаңартылды. Құркелес ауылдық округіне қарасты 4  елді мекенге  «Билайн» ұялы байланыс операторы тарапынан 4G жоғары жылдамдықтағы базалық станциясы орнатылды. Бүгінде, инвестор есебінен 300 орындық мектеп ғимаратының  құрылысы жүргізілуде. Алғабас елді мекеніндегі футбол алаңашысына  жарық шамдар  орнатылды. Сонымен қатар, Алғабас және Ақниет елді мекендерінде  ауыз судың  ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде.  Ауылдық округке қарасты 6 көшеге асфальт төселіп, Жаңаталап және Жылысу елді мекендерінің көшелеріне аяқ жол орнату жұмыстары жүргізілуде. «Бескемпір» қашыртысы механикалық тазалаудан өтті. Береке елді мекенінде ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізіліп,  тұрғындар ауыз сумен қамтылды. Жылысу елді мекеніндегі ашық футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар игілігіне берілді.

Биылғы жылы Құркелес ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту, электр желілерін жаңарту, ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, елді мекен көшелеріне  асфальт жамылғысы төселіп, ашық футбол алаңшалары мен воркаут  алаңшалары салынады.


ПІКІР ЖАЗУ